АҚШ-тың Ядролық қару стансасында туннель қирады

Вашингтон штатына қарасты Ханфорд қаласында «төтенше жағдай» жарияланды.

729322
АҚШ-тың Ядролық қару стансасында туннель қирады

Америка Құрама Штаттарының Вашингтон штатына қарасты Ханфорд қаласындағы ядролық қару стансасында қалдықтар жиналған туннельдерінің бірі қирады.

Аймақта «төтенше жағдай» жарияланды.

Станса мен төңірегінде үрей туғызған апат себепті жүздеген адам эвакуацияланды.

Жұмысшылардан өздерін шара ретінде ядролық қалдық материалдардан сақтандыруы талап етілді.

Вашингтон Экология басқармасы мәлімдемешісі Рэнди Брадбури тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемеде апатта ешбір қызметкерінің жарақат алмағанын және радиация тарамағанын білдірді.

Ханфордта ондаған жылдан бері ядролық қарулар үшін плутоний өндірілуде.

Осы алаңда үлкен мөлшерде дереу тазалауға тиісті ядролық қоқыс жиналғаны алға тартылады.



Ұқсас жаңалықтар