АҚШ террористтік ұйымға қару,  оқ-дәрі және көлік жіберді

Бұдан бұрын да АҚШ террор ұйымына түрлі зымыран, миномет,  мылтық және әскери көліктер берген болатын.

726273
АҚШ террористтік ұйымға қару,  оқ-дәрі және көлік жіберді

Америка Құрама Штаттары бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD-нің қарулы қанаты YPG-ге тегін қару беруде.

АҚШ Сирияның солтүстік шығысындағы террор ұйымына 48 көлік және 250 әскерден тұратын жаңа конвой жолдады.

Кеше Сирия-Ирак шекарасында Семалка шекара қақпасынан кірген АҚШ конвойы Хасекенің шығысындағы Маликиге келіп жетті.

АҚШ террористтік ұйымға қару,  оқ-дәрі және көлік жіберді.

Террористтік ұйымға қолдау беріп отырған АҚШ-тың Түркияның шекара тысындағы операциясынан кейін PYD/YPG-ге қолдауын арттыруы назар аударады.

Түрік Қарулы күштерінің өткен апта Карачок және Ирактың Синжар аймағындағы террор ұйымы бекіністерін бомбалауынан кейін террор ұйымының шекарадағы Түрік Қарулы күштерін нысанаға алған шабуылдарында Американың TOW зымыранын қолданғаны ортаға шықты.

Бұдан бұрын да АҚШ террор ұйымына түрлі зымыран, миномет,  мылтық және әскери көліктер берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар