ЮНЕСКО-дан маңызды шешім

ЮНЕСКО Израильді «басқыншы күш» деп атады.

724700
ЮНЕСКО-дан маңызды шешім

ЮНЕСКО маңызды шешімге қолтаңба басты.

Францияның бас қаласы Парижде жиналған ЮНЕСКО Атқару комитеті Израильді «басқыншы күш» деп атады.

ЮНЕСКО-да Судан, Катар, Оман, Марокко, Ливан, Мысыр және Алжир тарапынан дайындалған «Басып алынған Палестина» резолюциясы қабылданды.

Резолюцияда Иерусалимнің мұсылмандар, христиандар және иудейлер үшін қасиетті қала екені айтылып, «Басқыншы күш Израиль» тарапынан Иерусалимнің құрылымын өзгертуге бағытталған істердің жарамсыз деп табылуы сұралады.

Айырықша Израильден қалада заңсыз істеген істерін тоқтатуы талап етілген.

Бұлардың арасында туннель қазу, заңсыз түрде адамдардың үстін тінту және заңсыз елді мекен салу келеді.

Резолюцияға Бразилия,  Қытай, Ресей және Швеция сынды 22 ел «қабыл» даусын берді.

АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Италия және Голландия секілді 10 ел болса «қарсы» дауыс қолданды.

Палестина Ислами тойтарыс қозғалысы Хамас ЮНЕСКО-ның шешіміне риза болғандарын хабарлады.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху болса резолюцияны «ақымақтық» деп пайымдады.



Ұқсас жаңалықтар