CIA басшысы Йеонпийонг аралына барды

Майк Помпео Оңтүстік және Солтүстік Корея шекара желісіндегі бір аралға ресми сапармен барды.

724809
CIA басшысы Йеонпийонг аралына барды

Америка Құрама Штаттары Барлау қызметі (CIA) басшысы Майк Помпео Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы шекара желісі маңындағы бір аралға сапарлай барды.

АҚШ-тың Корея күштері (USFK) жасаған мәлімдемеде АҚШ Барлау қызметі (CIA) басшысы Майк Помпеоның Кореяның батыс жағалауында екі Корея арасындағы шекара желісін теңізден көретін және Оңтүстік Кореяның бақылауындағы Йеонпийонг аралына ресми сапар ұйымдастырғанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде Майк Помпеоның сапары кезінде «бұл ескі және қақтығыс ықтималы бар аймақтан қарап, Солтүстік Кореяның Оңтүстік Кореяға төндірген қаупін бағалау мүмкіншілігі тапқаны атап көрсетілді.

Помпеоның сапарына АҚШ-тың Корея күштері қолбасшысы генерал Винсент К. Брукс, Оңтсүтік Корея-АҚШ күштері қолбасшы орынбасары генерал Лим Хо-Йонг және АҚШ Сеул өкілетті елшілігі сенімді өкілі Марк Кнаппер қатысты. Помпеоның сондай-ақ сенбі күні басталған ел сапары кезінде Оңтүстік Корея Ұлттық барлау бюросы директоры Ли Бейонг-хомен қауіпсіздік тақырыптарында егжей-тегжейлі кеңесі мүмкіншілігі тапқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар