4 рет химиялық қару қолданды

Адам құқықтары ұйымы басшысы аталмыш шабуылдардың адам баласына қарсы қылмыс екенін білдірді.

723898
4 рет химиялық қару қолданды

Адам құқықтары ұйымы Сирия билігінің желтоқсан айынан бері кемінде 4 рет химиялық қару қолданғанын білдірді.

Орталығы Нью-Йоркта болып табылатын ұйым Сирия мен аймақ елдерінде жүргізген сұхбаттары, аймақ тұрғындарынан алынған суреттер мен видео көріністер секілді айғақтарды зерттеді.

Адам құқықтары ұйымы атқару комитеті басшысы Кеннет Рот зерттеудің қорытындысын жариялады.

Рот билік жасақтарының соңғы 6 айда бомбалаушы ұшақтар,  тікұшақтар және құрлық күштері арқылы 4 орталықта хлор және сарин газымен шабуыл жасағанын айтты.

Осы орталықтар арасында 4 сәуір күні шабуылға нысана болған Идлибке қарасты Хан Шейхунмен бірге Дамаск, Хама және Алеппо бар.

Адам құқықтары ұйымы басшысы аталмыш шабуылдардың адам баласына қарсы қылмыс екенін білдірді.

Рот БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен аталмыш шабуылдардың Химиялық қаруларға тыйым салу халықаралық ұйымының мамандары тарапынан тексерілуі үшін шешім шығарылуын сұрады.



Ұқсас жаңалықтар