Жаңа 10 мың тұрғын үй үшін рұқсат

Израиль басқыншылық астындағы жерлерге заңсыз қоныстануын жалғастыруда.

720612
Жаңа 10 мың тұрғын үй үшін рұқсат

Израильдің Иерусалим муниципалитеті мен Тұрғын үй министрлігі басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимнің солтүстігінде 10 мың жаңа тұрғын үй үшін рұқсат берді.

Израильдің Канал 10 теле арнасының хабарында АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы меңзеп, аталмыш жобаның АҚШ-тың Израильге қысымы салдарынан бекітілмегені айтылды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басқыншылық астындағы Палестина жерінде заңсыз қоныстану істерін «дереу және толығымен» тоқтатылуын талап еткен резолюцияға қарамастан Израиль жаңа тұрғын үй салуын жалғастыруда.

Шығыс Иерусалим мен Батыс Шерия 1967 жылдан бері Израильдің басқыншылығында.

Шығыс Иерусалимде 200 мың,  Батыс Шерияда да 400 мыңнан астам еврей қоныстанушы бар.

Халықаралық құқыққа қарағанда осы аймақтардағы еврей елді мекендері толығымен заңсыз.



Ұқсас жаңалықтар