Қару үшін бөлінген бюджет артты

Басқа жағынан халықаралық мекемелер мен институттарға деген сенім де азайды.

719335
Қару үшін бөлінген бюджет артты

Стокгольм Халықаралық Бейбітшілік зерттеулері институтының деректеріне қарағанда әлем көлемінде қарулануға бөлінген бюджет артып отыр.

Жаһандық қарулану қаражаты 2011 жылдан бері бірінші рет қайтадан артты.

Аталмыш институтқа қарағанда өткен жылы әлем көлемінде қарулануға барлығы 1 триллион 686 миллиард доллар бөлінді. Бұл көрсеткіш 2015 жылға қарағанда 0,4 пайыз артық.

Әсіресе әскери тұрғыдан мықты АҚШ, Қытай және Ресейдің қарулану үшін жұмсаған қаражаты назар аударды.

Сауд Арабиясы сынды кейбір елдер болса қаруға жұмсаған қаржыларын азайтты.

Германияның Бонн қаласындағы Халықаралық Қарусыздану орталығынан саясаттанушы Мариус Балестің ойынша Ресейдің Қырымды басып алуы, Оңтүстік Қытай теңізіндегі келіспеушілік,  Таяу Шығыстағы соғыстар қарулы қақтығыстардың көбеюі мүмкін екені жөнінде уайымды арттырды.

Басқа жағынан халықаралық мекемелер мен институттарға деген сенім де азайды.

Көптеген ел тек өзіне сене бастады. Ұлттық армиялардың маңызы артуда.  Бұл да қарулану үшін бюджетті арттыруға себеп болуда.



Ұқсас жаңалықтар