Қытайда мамонттардың 1 тонна тісі тәркіленді

1 тонна тіс Ресейден келген.

711249
Қытайда мамонттардың 1 тонна тісі тәркіленді

         Қытайдың солтүстік шығысындағы Хый Лоңжияң уәлаятында Ресейден заңсыз кіргізілген бір тонна мамонт тісі қолға түсірілді.

         Кеден қызметкерлері Ресейден Қытайға Соя фасолын тасымалдайды деп хабарланған  алты жүк көлігінен біреуінің салмағының өзгеше екенін байқап, көліктерді тексерген.

         Соңғы жылдардағы ең ірі заңсыз оқиғаларының біреуін ортаға шығарған тексеруде жүк көліктерінің біреуіндегі жасырын қабатта  мамонттардың 1 тонна тісі мен 73 килограмм қара мүйізтұмсық мүйізі және бір тонна есімтас қолға түсірілген.

         Жүк көлігінің жүргізушісі мен иесі ұсталды.

         Мұздық дәуірде өмір сүрген және тұқымы құрып кеткен мамонттардың Ресейдің Сібір өңірінде өмір сүргені мөлшерленуде.

         Сібір таулы өңірлерінде қарлардың еруімен бірге мамонтттардың сүйектері жер бетіне шығады. Осы орайда аңшылар мамотттардың тістерін жинастырады.


Этикеттер: #мамонт , #Қытай , #Ресей , #тіс

Ұқсас жаңалықтар