БҰҰ-на мүше елдер Ресейді сынға алуда
"Асад Ресейдің абыройын халықаралық қоғам алдында таптады".
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Сирияның Идлиб қаласында ұйымдастырылған химиялық қару шабуылының артынан Франция мен Ұлыбританияның сұранысымен тақырыпты бағалау үшін жиналды.
Ұлыбританияның БҰҰ тұрақты өкілі Мэтью Рикрофт Кеңесте жасаған баяндамасында Ресей және Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі ветолардың Асад режимін ынталандырғанын атап, бұл ветолардың жемісінің кеше Иблибте химиялық шабуыл ретінде ортаға шыққанын атап көрсетті.
Барлық мағлұматтардың бұл шабуылдың бірнеше сағат бойынша әуеден жасалғанын, жүйке газы қолданылғанын және шабуылдардың режим тарапынан жасалғанын көрсеткенін атап айтқан Рикрофт химиялық қару қолданысының соғыс қылмысы жасағанына назар аударды.
Рикрофт «Асад Ресейдің абыройын халықаралық қоғам алдында таптауда. Ресей абыройын қайтарып алғысы келсе, бұл шабуылды айыптау керек» деді.
Ресей ұстанымын өзгертпейтін болса БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қайта қозғаусыз қалатынын атап айтқан Рикрофт «Әлем бізге жұмыс істемейтін дипломаттар деп қарайды. Ресейдің келіспеушілігі алдында қолымыз байлаулы. Бұл қорқынышты және мағынасыз шабуылдарды тоқтату жоспарыңыз бар ма? Біздің бір жоспарымыз бар болатын, дегенмен сіз Асадты қорғау үшін мұны қабылдамадыңыз» деді.
Францияның БҰҰ тұрақты өкілі Франсуа Делатр болса «Балалар мен әйелдерді өлтіргендерді, оларға бұл үлкен зардапты шеккізгендерді айыптау үшін нені күтеміз? Әлемнің назары біздің үстімізде» деді.
Халықаралық қоғамның химиялық қарулардың қолданылуына үнсіз қарауының жауапкерлерін жазаламау деген мағынаға келетініне назар аударған Делатр мұның өте қауіпті және қабылданбайтынын атап көрсетті.
Делатр Ресейді режимге қарсы одан қатаң қысым жасауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Пәкістанда 27 лаңкес залалсыздандырылды
Операция барысында көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш зат тәркіленді.
PKK/YPG Сирияда қарулы дайындық өткізуде
Ұйым жақтастарын Хасака провинциясының орталығы мен Камишли ауданына жинауда.