Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті тұтқындалды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хен «сыбайлас жемқорлық жасады» деген күдікпен тұтқындалды.

703073
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті тұтқындалды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хенің отставкаға кетуіне себеп болған «сыбайлас жемқорлық жасады» деген күдікпен тұтқындалды.

«Yonhap» агенттігінің хабарына қарағанда Сеул Орталық соты «пара алу, міндетін асыра пайдаланды, заңсыз қысым жасады және мемлекеттік құпияны жария етті» деген айыптармен Пакты тұтқындауға шешім қабылдады.

Тұтқындау шешімі сотта кеше болып өткен және шамамен 9 сағатқа жалғасқан сот отырысының артынан жарияланды.

Сот отырысына екі қорғаушысымен қатысқан бұрынғы президент Пак журналисттердің сұрақтарын жауапсыз қалдырды.

Ел тарихында тұңғыш міндеттен босатылған президент ретінде Пак құрбысы Чхве Сун-Сильге ықпал етіп, елдің үлкен фирмаларынан «қайырмалдық жинау» деген сылтаумен пара алып, фирмалардың саяси мүдделеріне жағдай жасап, міндетін асыра пайдаланумен айыпталады.

Оңтүстік Корея парламенті 2016 жылы 9 желтоқсан күні Пак жайлы тергеу ашылуына шешім қабылдап, Пактың жауапкершілігін уақытша премьер-министр Хван Геанға тапсырған болатын.

8 төрешіден тұратын Конституциялық сот 10 наурыз күні президент жайлы импичмент жариялады.



Ұқсас жаңалықтар