Франция Ресейдің Қырымды жаулап алуына қарсы

Франция Ресейдің Қырымды жаулап алуының үшінші жылдығында үндеу жасады.

696288
Франция Ресейдің Қырымды жаулап алуына қарсы

Франция Ресейдің Қырымды жаулап алуының үшінші жылдығында үндеу жасады.

Франция Ресейдің Қырымды жаулап алуының үшінші жылдығында үндеу жасады. Франция үндеуінде халықаралық белгіленген шекаралар аясында Украинаның территория тұтастығы мен егемендігінің толық түрде қайтадан орнатылуын талап етті.

Франция Сыртқы істер министрлігінен осы мәселеге байланысты жасалған жазбаша мәлімдемеде «Шекараларды дау-дамайға салу халықаралық құқыққа қайшы. Бұл әрекет халықаралық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан Халықаралық ұйым, Еуропа Одағы және Франция Қырымның Ресей тарапынан заңсыз түрде жаулап алынуына қарсы» деген сөздер қолданылды.

Мәлімдемеде Францияның Қырым түбегінің қаруландырылуынан және аймақта Қырым Татарларының адам құқықтарынан айырылуынан алаңдағаны білдірілді. 


Этикеттер: #Франция , #Ресей , #Қырым

Ұқсас жаңалықтар