«Азан шақыруға тыйым салу заңы бейбітшілік келісіміне қарама-қайшы»

Иордания Израиль парламенті қабылдаған шешімнің «Бейбітшілік келісіміне қарама-қайшы екенін» мәлімдеді.

687957
«Азан шақыруға тыйым салу заңы бейбітшілік келісіміне қарама-қайшы»

Иордания Израиль парламенті Кнессетте (Knesset) қабылданған "азан шақыруға тыйым салу" жобасының екі ел арасында жасалған "Бейбітшілік келісіміне қарама-қайшы екенін" мәлімдеді.

Баспасөзге жауапты мемлекеттік министр және үкімет мәлімдемешісі Мұхаммед эл-Мумани жасаған жазбаша мәлімдемеде бейбітшілік келісімінің 7-ші бабы 2-ші пунктінде «Израильдің Иерусалимдегі Исламның киелі құндылықтарын қорғау аясында Иорданияның арнайы рөлін құрметтеуін» қамтитын бір бап бар екеніне назар аударып, «Азан шақыруға тыйым салу жобасының бекітілуі бейбітшілік келісіміне қарама-қайшы» делінді.

Израиль мен Иордания арасында болса 1994 жылы 26 қазан күні Арабе алқабында бекітілген Иордания-Израиль келісіміне қарағанда Акса мешіті және Иерусалимдегі қорлар, Иордания қорлары, Киелі заттар мен Исламдық жұмыстар министрлігіне қарасты Иерусалим қорлары басқармасының инициативасына қалдырылған.

Иордания королі Абдуллах пен Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас 2013 жылы наурыз айында Иорданияға «Иерусалим мен киелі құндылықтарды қорғау құқығы» берген келісімді бекіткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар