"Қауіпсіз аймақ тақырыбында Түркияның тәжірибелерін пайдалану керек"
АҚШ-тың Вашингтон қаласында Сирияда қауіпсіз аймақ құру тақырыбы қолға алынды.



Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың сайлау науқаны кезінде Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джозеф Шмит Сирияда қауіпсіз аймақ тақырыбында Түркияның тәжірибелерінен пайдалану керектігін айтты.
Бахчешехир Университеті және орталығы Вашингтондағы Жаһандық саясат институты ұйымдастырған конференцияға саясат қайраткерлері, академиктер, әскер мен көптеген танымал маман қатысты.
Конференцияда сөз алған Джозеф Шмит «Трамп әкімшілігінің Түркиядан бастап аймақтағы одақтастарымен ортақ бір мүддеде тоғысатынына сенемін. Түркия босқын дағдарысымен күресуде. Түркияның бұрын қауіпсіз аймақ тәжірибесі болған. Менің ойымша Анкара мұның қалай жасалатынын Вашингтонға түсіндіру керек. Трамп әкімшілігі мұны назарға алады деп ойлаймын» деді.
Конференцияға қатысқан АҚШ Әуе күштерінің отставкадағы генералі Томас Мак-Инерней қауіпсіз аймақтардың аса маңызды екеніне назар аударды.
Бахчешехир Университеті АҚШ зерттеулері орталығы төрағасы және Жаһандық саясат институты маманы Бурак Кунтай болса қауіпсіз аймақтың әрі адам дағдарысының алдын алу, әрі қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатты екенін атап айтты. Кунтай әлемнің бұл тақырыпта Түркияның ұлттық қауіпсіздік құқығын түсіну керектігіне назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-та 2 әскери тікұшағы құлады
АҚШ-тың Кентукки штатында 2 әскери тікұшақтың құлауы кесірінен 9 сарбаз қаза тапты.

Ауғанстанда тасқыннан 10 кісі мерт болды
Су тасқынында 10 адамның қаза болғанын атап көрсеткен Рахими 76 адамның жараланғанын білдірді.