Ресей ақпараттық технология соғыстары тобын мойындады

Орыс армиясы ақпараттық технология соғыстары үшін бір топ құрылғанын тұңғыш рет мойындады.

679485
Ресей ақпараттық технология соғыстары тобын мойындады

Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сәрсенбі күні жасаған мәлімдемеде аталмыш топтың пропаганда жасағанын жариялады, бірақ кезкелген ел немесе мекеменің нысанаға алынғаны жайлы мағлұмат бермеді.

Мәлімдемеде Батыс мемлекеттерінің Ресейді кибер шабуылдармен айыптауының артынан жасалды.

АҚШ-та 8 қараша күнгі президенттік сайлауда Дональд Трамптың жеңіске жетуінде орыс кибер шабуылдарының белсенді роль атқарғаны алға тартылған болатын.

Еуропа барлау ұйымдары да Мәскеуді Еуропадағы үкіметтерді тұрақсыздандыру және сайлауларға кибер шабуылдар мен жалған ақпараттар таратумен айыптайды.

Ресей болса басқа бір елдің сайлау қорытындысына ықпал етуші әрекеттер жайлы қауесеттерді мойындаудан бас тартады.



Ұқсас жаңалықтар