Трамп Ресейдің Қырымды тапсырып беруін күтуде

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейдің Қырымды Украинаға тапсырып беруін күтуде.

672720
Трамп Ресейдің Қырымды тапсырып беруін күтуде

Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трамп Ресейдің Қырымды Украинаға тапсырып беруін күтуде.

Ақүй мәлімдемешісі Шон Спайсер кеше ұйымдастырған баспасөз мәслихатында «Президент Трамп Ресей үкіметінің Украинада дағдарысты азайтуын және Қырымды тапсырып беруін күткенін айқын түрде баяндады» деді.

Бұдан бұрын Ақүй Трамп әкімшілігінің Украинаға тиесілі Қырым түбегін жаулап алуына орай Ресей Федерациясына қарсы жасалған шаралардың жалғасуына байланысты тұғырын айқындаған еді.

3 ақпан күні ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасаған Ақүй мәлімдемешісі Шон Спайсер АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілі Никки Хейлинің Қырымның Ресей тарапынан жаулап алынуына байланысты алаңдарын ашық-жарқын баяндағанын айтқан болатын.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Ресей , #Қырым

Ұқсас жаңалықтар