Босқындар еркін жүре алмайды

Венгрия үкіметі жаңа шаралар қолданады.

669671
Босқындар еркін жүре алмайды

Венгрия босқындар жөніндегі тағы бір жанжалға қолтаңба басып,  босқындардың еркін жүруіне кедергі болуға дайындалуда.

Мемлекеттік министр Янос Лазар паналау өтінішін берген босқындардың осы үрдісте қамауда ұсталатынын мәлімдеді.

Лазар босқындардың паналау істері аяқталғанға дейін елде еркін жүрмеуі үшін қамауда ұстау процесінің қайта келтірілетінін айтты.

«Босқын дағдарысы барысында Венгрияға паналау үшін өтініш берген босқындар үшін мәжбүр тұру мекені анықталады.  Босқындар ел территориясында салынатын 200-300 адамдық орындарда өтініштеріне жауап берілуін күтеді.  Еркін қозғалуларына кедергі жасалады» деді ол.

Елдегі босқын лагерьлерінде қазір 586 босқын тұратынын білдірген министр Венгрияның Сербия мен Хорватия шекарасындағы 8 километрлік аймақта ұсталған босқындардың шекарадан шығарылуына байланысты «терең шекара бақылауы» жүйесінің ел көлемінде де жүргізілетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар