Италия үкіметі мұсылмандармен келісім жасады

Миннити «Түрлі дінге ие болғандардың барлығы Италия азаматы болып табылады» деді.

Италия үкіметі мұсылмандармен келісім жасады

Италия Ішкі істер министрі Марко Миннити мен мемлекетте өмір сүрген мұсылман өкілдері арасында диалог және ынтымақтасты арттыру мақсатымен бір келісімге  қол қойды.

Ішкі істер министрлігіндегі қол қою рәсіміне Миннити мен Италиядағы Ислам азаматтық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Рәсімде «Ұлттық италиян Ислам пакты» атты бір келісімге қол қойылды. Келісім Италия Ішкі істер министрлігі мен Ислам азаматтық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың арттырылуы және ұшқары діншілдерге қарсы бірге әрекет жасау  қамтылуда. Сонымен қатар ғибадат еркіндіктері аясында Ислам азаматтық ұйымдарының заңдық құқықтарының қорғалуы бар.

Миннити  рәсімде сөйлеген сөзінде ортақ мүдденің Италия екенін білдіріп «Бүгін мемлекеттің болашағын белгілейтін керемет бір инвестиция жасадық. Түрлі дінге ие болғандардың барлығы Италия азаматы болып табылады» деді. 


Этикеттер: Италия , Ислам , дін

Ұқсас жаңалықтар