Украинаның шығысында қақтығыстар қайта басталды

Орыс жікшілдер мен Украина армиясы арасында артқан қақтығыстарда қаза тапқандар саны 16-ға ұласты.

663179
Украинаның шығысында қақтығыстар қайта басталды

Орыс жікшілдер мен Украина армиясы ауыр қарулар қолданған қақтығыстардың 4-ші күнінде қаза тапқандар саны 16-ға өсті.

Қақтығыста ондаған әскер мен бейбіт тұрғын жарақат алды.

Донецк аймағындағы Авдеевка қаласының жылыту жүйесі бомбалау кезінде жойылды.

Халық -20 градус салқын ауа райында тіршілігін жалғастыруға тырысуда.

Қақтығыстар артқан соң Украина президенті Петр Порошенко Германия сапарын ерте аяқтады.

Киев әкімшілігі бітімнің қайта орнауы үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына шағымданды.



Ұқсас жаңалықтар