Мистура Ресей, Түркия және Иранға алғыс айтты

Мистура саяси диалогтың Астанадағы кездесулерден кейін Женевада жалғасуы керектігін де атап өтті.

658438
Мистура Ресей, Түркия және Иранға алғыс айтты

Астана процесі--Сирия үкіметі мен оппозицияны бір үстел басына жинай білген жаһандық жиын. Және Женевада өтетін келіссөздерді жаңғырту жолындағы маңызды қадам. Себебі бұл басқосуға келгендердің мақсаты бір, мүддесі ортақ. Ол Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату.  Келелі келіссөз өткізуге арнайы келген БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы өкілі Стаффан де Мистура БАҚ өкілдеріне өткізген брифингте Астана процесінің нәтижелі аяқталғанын тілге тиек етті.  Мәртебелі мейман сөз кезегінде Қазақстан Президентіне шексіз алғысын білдіріп, төрткүл дүние көз тігіп отырған шараға қолдау көрсеткені үшін өз ризашылығын білдірді. 

Қазақстанның елордасы Астанадағы Сирия процесінен шыққан нәтижені түсіндірген Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы өкілі Стаффан де Мистура Ресей, Түркия және Иранға алғыс айтты.

Мистура Астанада Сирия келіссөздерінің кепіл мемлекеттері ретінде Түркия, Ресей және Иран Сирияда атуды тоқтатуды қадағалау үшін үштік бір механизм құруға шешім қабылдағанын баяндады.

Мистура саяси диалогтың Астанадағы кездесулерден кейін Женевада жалғасуы керектігін де атап өтті.

«Терроризм төңірегіндегі түйткілдерді шешу жолында Астана процесі сұрапыл соғысты ауыздықтауға пәрмен берері сөзсіз», – дейді БҰҰ өкілі.  


Этикеттер: #Астана , #Сирия , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар