Террористтік ұйымға қару беріп отыр

АҚШ-тың PYD-ні «террор ұйымы» ретінде қабылдағаны ортаға шықты.

647087
Террористтік ұйымға қару беріп отыр

АҚШ-тың Сириядағы одақтасы PYD террор ұйымын бұрын НАТО-ның бір ресми құжатында «террор ұйымы» ретінде қабылдағаны ортаға шықты.

НАТО дереккөздерінен алынған мәліметке қарағанда АҚШ пен басқа да НАТО-ға мүше елдердің қатысуымен 2013 жылдың маусым айында Брюссельде НАТО Стратегиялық ақпар құжаттар жұмысы жүргізілді.

Жұмыс аясында ортаға шыққан құжатта Түркияның бастамасымен PYD/YPG де KCK және PKK-мен бірге «бір террорлық ұйым» ретінде орын алды.

Америка Құрама Штаттары да осы құжатты қабылдап,  ресми түрде бекітті.

Құпия түрде сақталған НАТО құжатына қарағанда Вашингтон әкімшілігі PYD/YPG-ні үш жарым жылдан бері «террорист» ретінде қабылдауда.

Бірақ ұйымға барлық қолдауды беріп отырған АҚШ террорлық ұйымның ең үлкен қару қамдаушысы болды.

Мамандардың айтуынша осындай құжатқа қол қойған АҚШ-тың бүгін Сирияда террор ұйымына жетілген қару мен оқ-дәрі беруі үлкен проблема.

Президент Режеп Тайып Ердорған да НАТО-ға қарасты «Терроризмге қарсы қорғаныс мінсіздік орталығының» журналындағы мақалада PKK-PYD қатынасының ашық көрсетілгенін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар