Курц Украинаға барады

ЕҚЫҰ кезекті төрағалығын Австрия қабылдап алды.

642266
Курц Украинаға барады

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының кезекті төрағалығын 1 қаңтар күні Австрия Германиядан қабылдап алды.

Австрия сыртқы істер министрлігі Сыртқы істер министрі және ЕҚЫҰ кезекті төрағасы Себастьян Курцтың Украинаның шығысындағы дағдарыс аймағына баратынын хабарлады.

Себастьян Курц шығыс пен батыс арасындағы көпір міндетін сенім арттыратын шаралар үшін қолданатынын айтты.

Австрияның биылғы кезекті төрағалық мақсаттары арасында қақтығыстарды тоқтату, мемлекеттер арасындағы сенімді қайта жандандыру және көптеген елдің қауіпсіздігіне қатер төндірген радикализммен күрес орын алады.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы 57 елден тұрады.



Ұқсас жаңалықтар