Татар текті азамат премьер-министр бола ма?

Президент кандидатураны қабылдамады.

Татар текті азамат премьер-министр бола ма?

Румынияда 11 желтоқсан күні өткен жалпы халықтық сайлаудың жеңімпазы Социал демократ партиясынан татар Севил Шайдехтің премьер-министрлікке кандидатурасын президент Клаус Йоханнис кері қайтарды.

Неміс текті Йоханнис Севил Шайдехтің премьер-министрлікке кандидатурасын қабылдамайтынын айтты.

Президент партиядан басқа бір кандидатура сұрады.

Социал демократ партиясының төрағасы Ливи Драгне өткен апта премьер-министрлік үшін татар Севил Шайдехті ұсынғандарын білдірген болатын.

Шайдех міндетке келген жағдайда,  Румынияда бірінші рет әрі әйел, әрі мұсылман, әрі татар премьер-министр болатын еді.

Тарих профессоры Кемал Карпаттың ағайыны болып табылатын Севил Шайдех 2012 жылы мемлекеттік хатшы міндетін атқарып, 2015 жылы үкіметте Даму министрі болған болатын.



Ұқсас жаңалықтар