Ливия ДАИШ террор ұйымынан құтқарылды

Пентагон Сирте қаласының террористтерден құтқарылғанын мәлімдеді.

Ливия ДАИШ террор ұйымынан құтқарылды

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон Ливияда ДАИШ-тің бақылауындағы соңғы тұрғын аймағы Сирте қаласының террористтерден құтқарылғанын мәлімдеді.

Пентагон мәлімдемешісі жүзбасы Джефф Дэвис Ливия ұлттық келіссөз үкіметінің жақында «жеңіс» жариялайтынын білдірді.

Жерорта теңізі жағалауындағы Сиртедегі ДАИШ террор ұйымы мүшелерінен көпшілігінің кеше түнгі уақытта берілгенін білдірген Дэвис аймақта белсенді террор күші қалмағанын атап көрсетті.

Осыған қоса қаланың ішкі аймақтарында немесе шөл аймағында ДАИШ-тік террористтер болуы мүмкін екенін атап айтқан Дэвис жанкешті шабуылдарға қарсы шара қабылдауға тырысқандарын білдірді.

Дэвис Ливияда ДАИШ-ке қарсы «жеңіс» жариялауының өздерінің емес, Ливия үкіметінің жауапкершілігінде екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар