Техас және Миссури штаттарында екі полиция шабуылға ұшырады

АҚШ-тағы екі бөлек оқиғада 1 полиция қаза тапты.

615256
Техас және Миссури штаттарында екі полиция шабуылға ұшырады

АҚШ-тың Техас пен Миссури штаттарындағы екі бөлек оқиғада полиция нысанаға алынды. Шабуылдарда 1 полиция қаза тапты.

Алғашқы шабуыл Техастың Сан Антонио (San Antonio) қаласында болды.

Полиция дирекциясы алдындағы ресми көлігі ішінде отырған бір полиция қызметкері шабуылға ұшырады.

Көліктің әйнегінен екі мәрте оқ атқан шабуылдаушы полиция қызметкерін өлтірді.

Полиция лауазымдылары күдіктінің бейне көріністерін жариялады. Көріністер күдіктінің полиция орталығына кіргені байқалады.

Екінші оқиға болса Миссури штатына жасалды. Автожолда көлігінде отырған полиция қызметкеріне оқ атылды. Ауруханаға жеткізілген жаралы полицияның жағдайы жақсы.

Әртүрлі қылмыстардан іздеу салынған шабуылдаушы полициямен қақтығыс кезінде өлтірілді.

Шабуылдардың нәсілшілдік қылмысы болып болмағаны анық емес. Шілде айынан бері АҚШ-та полицияға бағытталған шабуылдарда 10 полиция қызметкері қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар