Нигерияда бірнеше айдың ішінде 75 мың баланың өлуі мүмкін

Біріккен Ұлттар Ұйымы Нигерияның солтүстік шығысындағы үлкен ашаршылық қаупіне назар аударды.

611929
Нигерияда бірнеше айдың ішінде 75 мың баланың өлуі мүмкін

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Нигерияның солтүстік шығысында 75 мың баланың бірнеше айдың ішінде аштан өлуі мүмкін екенін жариялады.

БҰҰ Гуманитарлық жәрдем координаторының орынбасары Петер Ландберг Нигерияда әсіресе Боко Харам бар аймақтарда жағдайдың сигнал берерлік деңгейге жеткенін білдірді.

Ландберг айтқанға көре елде Боко Харам шабуылдарында қазірге дейін 20 мың адам қаза тапты, миллиондаған адам баспанасыз қалды. Гуманитарлық жәрдемге мұқтаж адамдар саны 14 миллионға ұласты. Осылардың ішінде 400 мың бала жедел жәрдем күтуде.

БҰҰ-ның осыншама үлкен бір қауіппен күресуге күші жетпейтінін атап көрсеткен Ландберг бүкіл елдер мен жекеменшік саланы Нигерияға жәрдемге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар