Серіктестік құруға болады

Пәкістан премьер-министрі үш келдің әскери жабдық өндірісінде серіктестік құруы мүмкін екенін айтты.

598777
Серіктестік құруға болады

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф Пәкістан,  Катар және Түркияның әскери жабдық өндірісінде серіктестік құруы мүмкін екенін айтты.

Пәкістан премьер-министрлік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда,  Наваз Шариф Катар Қорғаныс министрі Халид бин Мұхаммед әл Аттиемен өткізген кездесуінде екі елдің жақын қатынастары бар екенін, мұны алда нығайтуға мүдделі екендерін білдірді.

Шариф Катарды барлық салада қолдауға дайын екендерін тілге тиек етіп, Пәкістанн, Катар және Түркия арасындағы үштік ынтымақтастықтың маңызына да назар аударды.

Пәкістан тәуелсіздігін алғаннан бері Түркиямен шынайы қатынастарда екенін атап көрсеткен Шариф: «Пәкістан, Катар және Түркия әскери жабдық өндірісінде серіктестік құруы мүмкін» деді.

Әл Аттие де елінің Пәкістанды стратегиялық серік ретінде қабылдайтынын айтып, «Елімізде терроризммен күрес академиясын құрып жатырмыз. Осы тақырыпта Пәкістаннан мамандардың қолдауы қажет» деді.

Аттие Катардың Пәкістаннан әскери ұшақ алуды қалайтынын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар