Түрікмен қолбасшы: Түрік армиясы Мосул операциясына қатысу керек

Сұлтан Мұрад Түмені қолбасшыларының бірі Шыхлы Шыхлы Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады.

597506
Түрікмен қолбасшы: Түрік армиясы Мосул операциясына қатысу керек

Еркін Сирия армиясына қарасты Сұлтан Мұрад Түмені қолбасшыларының бірі Шыхлы Шыхлы Мосулды террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару үшін 17 қазан күнінен бастап жалғасқан операцияға Түркияның да қатысу керектігін мәлімдеді.

Анадолы агенттігіне (AA) Сирия мен Ирактағы жағдайды бағалаған Шыхлы сүнниттерге қарсы адам құқықтарын бұзған Хашба Шааби күштерінің болса операцияларға қатысуына қатты алаңдағандарын білдірді.

Сирияда Желабрусты террор ұйымдарынан тазалауда Түркияның үлкен роль ойнағанын айтқан Шыхлы Түркияның сондай-ақ Желабрусқа гуманитарлық жәрдем жасағанына назар аударды.

Ирактың мұнай елі екенін атап көрсеткен Шыхлы «Әлбетте батыс елдері Түркияны қаламайды. Ирак мұнайға бай мемлекет. Олар болса Түркияның да сол жердегі мұнайға ортақ болатынын ойлайды. Түркияның бұл ұстанымда емес екенін жақсы білеміз. Мұны қайдан білеміз. Желабрусқа кіргеніміз кезде сол жерде 800-ге жуық адам бар еді, қазір болса 40 мыңнан асты. Бұл адамдардың ыстық тағамдарын, таза суын, баспаналары мен киімдерін қысқаша айтқанда бар қажеттіліктерді Түркия қамтамасыз етіп отыр. Алла разы болсын! Түркияның тәжірибелі мықты армиясы бар. Түрік армиясының Мосулға келуі халықтың көңілін көтерер, сол жерге жан берер. Бұл жерде Желабрус сияқты жарқын бір қалаға айналар» деді.



Ұқсас жаңалықтар