НАТО орыс соғыс кемелері жайлы ескерту жасады

НАТО Жерорта теңізіне жіберілген соғыс кемелерінің Ресейдің Сириядағы әскери қабілетін арттыратынын ескертті.

596639
НАТО орыс соғыс кемелері жайлы ескерту жасады

НАТО Жерорта теңізіне Ресей жіберген соғыс кемелерін Сирияның Халеб қаласына бағытталған шабуылдар үшін қолдана алатынын ескертті.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг жасаған мәлімдемеде Жерорта теңізіне жіберілген орыс соғыс кемелерінің бұл елдің Сириядағы әскери операция қабілетін арттыруға бағытталғанын атап көрсетті.

Столтенберг Ресейдің Халебте жазықсыз адамдарға бағытталған әуе шабуылдарын арттыратынын ескертті.

Ресей «Адмирал Кузнецов» атты ұшақ кемесі басшылық жасаған бір топ соғыс кемесін аптаның соңында Жерорта теңізіне жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар