Түрік қарулы күштеріне АҚШ пен Катардан алғыс

Оппозиционерлердің Дабык пен Соранды ДАИШ-тен құтқаруына қолдау берген Түрік әскеріне алғыс келді.

590898
Түрік қарулы күштеріне АҚШ пен Катардан алғыс

Америка Құрама Штаттары және Катар Түрік қарулы күштері қолдау берген сириялық оппозиционерлердің Дабык ауылы мен Соран ауданын азат етуіне алғысын білдірді.

АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер жазбаша мәлімдемесінде «Одақтасымыз Түркия мен халықаралық коалицияның қолдауымен сириялық оппозиционерлердің Дабык ауылын ДАИШ террор ұйымынан құтқарылғаны жайлы жаңалықтар бізді қуантты» деді.

Дабыктың ДАИШ үшін стратегиялық маңызға ие екені, осында өте ауыр зұлымдықтар жасағаны және ұйымның ағылшын тілде жарық көрген журналына бұл аймақтың (Дабык) атын атағанын еске салған Картер «Дабыктың құтқарылуы, ДАИШ-тің тұрақты бір жеңіліске ұшырауы үшін Сириядағы соғысқа жаңа бір бағыт берді. Дабыкты құтқару үшін соғысқан сириялықтарға және одақтасымыз Түркияға бұл операция барысында ынтымақтасқаны себепті алғысымды білдіремін» деді.

Катар Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде болса Соран ауданы мен Дабык ауылының құтқарылуына ризашылық білдіріліп, мұның қалған елді-мекендерді де азат ету үшін басылған маңызды бір қадам екені атап көрсетілді.

Түрік үкіметінің шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатты қабылдайтын шешімдерге қолдау берілгені атап көрсетілген мәлімдемеде халықаралық қоғамның да Асад режиміне және террор ұйымдарына қарсы күресте Сирия халқының қасында орын алу керектігі білдірілген.



Ұқсас жаңалықтар