БҰҰ Бас хатшысы Гаити үшін арнайы жәрдем қоры құрылғанын жариялады

БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги-Мун "Мэтью" дауылынан зардап шеккен Гаитиге одан көп жәрдем жасауға уәде берді.

590557
БҰҰ Бас хатшысы Гаити үшін арнайы жәрдем қоры құрылғанын жариялады

БҰҰ Бас хатшылығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда шамамен мың адам қаза тауып, ашаршылық пен жұқпалы холера ауруы пайда болған Гаитиде бас хатшы  дауыл ықпал еткен аймақ халқымен бас қосты.

Гаитиді қиратқан дауылдың тіршілікке келтірген зиянының «өте үлкен» екенін түсіндірген Пан «Холера ауруының алдын алу және құрбандардың мәйіттерін жанұяларға кері қайтару жұмыстары үшін қолдан келгенше қаржы мен медициналық қолдау береміз» деді.

Пан дауылдың артынан жылдам тарай бастаған холера аурумен күрес үшін арнайы бір қор құрылатынын білдірді.

БҰҰ Гуманитарлық жәрдем координация кеңсесі 11 миллион тұрғынның жартысының дауылдан зардап шеккен Гаити үшін 119 миллион долларлық жедел гуманитарлық жәрдем шақыруы тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар