ЮНЕСКО-дан маңызды шешім

ЮНЕСКО-ның Акса мешітінің иудейлікпен ешбір байланысты жоқтығы жөнінде шешім жобасы қабылданды.

589321
ЮНЕСКО-дан маңызды шешім

ЮНЕСКО-ның шешім жобасы қабылданды.

ЮНЕСКО-ның Акса мешітінің иудейлікпен ешбір байланысты жоқтығы жөнінде шешім жобасы қабылданды.

ЮНЕСКО Сыртқы істер комитетінде шешім алтыға қарсы 24 «қарсы» дауыспен қабылданды.  26 мүше қалыс қалды,  екі мүше қатыспады.

Жобада Израильдің Иерусалимдегі діни және қасиетті жерлерді басқару әдісі сыналды,  осы қаланың мұсылмандар,  христиандар және иудейлер үшін қасиетті екені атап көрсетілді.

Шешімде Акса мешітінің Ислам дінімен байланысы ерекше атап көрсетілді. Израильдің осы жер иудейлікпен байланысты деген көзқарасына болса еш орын берілмеді.

Франция дауысқа салуда қалыс қалды. Америка Құрама Штаттары,  Германия және Ұлыбритания «қарсы» дауыс қолданған елдер арасында орын алды.

ЮНЕСКО-ның 58 мүшелі Атқару комитеті дүйсенбі күні жобаны қайтадан дауысқа салады.

Атқару комитеті сәуір айындағы бір шешімінде де Акса мешітінің мұсылмандармен байланысына назар аударған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар