«Мэтью» дауылының салдарынан АҚШ-та қаза тапқандар саны 16-ға өсті
Дауылдың салдарынан туындаған материалдық шығынның 6 миллиард доллар көлемінде екені болжалады.
586204
Гаити, Ямайка, Куба, Доминикан Республикасы және Багам аралдарына ықпал еткен және 900-ден астам адамды жалмаған «Мэтью» дауылының салдарынан АҚШ-та 16 адам қаза тапты.
Солтүстік Каролина губернаторы Пэт МакКрори жексенбі күні жасаған мәлімдемеде штаттарында апаттан қаза тапқандар саны 7-ге өскенін жариялады. Жергілікті лауазымдылар болса Флоридада 6 және Джорджияда болса 3 адамның қаза тапқанын, 4 адамның да жоғалғанын жариялады.
Дауылға орай АҚШ-та 2 миллион 200 мың адам электр жүйесінен айрылса, аймақ су тасқындары себепті үлкен материалды шығынға ұшырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 350 мыңнан астам адамның шұғыл көмекке мұқтаж екенін жариялап, Гаитидің жұқпалы ауру рискіне душар екенін ескертті.