«Мэтью» дауылының салдарынан АҚШ-та 10 адам көз жұмды
Флорида және Джорджия штаттарында күшін көрсеткен дауыл Оңтүстік Каролинаға жетті.
Гаитиде басталған және 900 адамды жалмаған cоңғы 10 жылдың ең үлкен апатыyың салдарынан АҚШ-та 10 адам көз жұмды.
Қарқынды желге қоса, нөсер жауын ықпал еткен дауыл өткен жерлерді қиратуда.
Ағаштарды түбінен қопарып, үйлерді жермен-жексен қылуда.
Кейбір аймақтарда қатынас жолдары жабылды, су тасқындары болды. Апат себепті кем дегенде 1,5 миллион адам электр жүйесінен айырылды. «Қанішер дауыл» деп аталған «Мэтью» дауылының күші де әлсірей бастады.
АҚШ-тық лауазымдылар дауылдың жылдамдығының сағатына 135 шақырымнан төмендегенін жариялады.
Гаитиде сағатына 230 шақырымнан астам екені анықталған дауыл себепті 900-ге жуық адам көз жұмып, мыңдаған үй қирады.
БҰҰ 11 миллион тұрғын саны бар Гаитиде дауылдың тұрғын санының жартысына ықпал еткенін мәлімдеді.
Карибтерде болса 350 мыңнан астам адам шұғыл көмекке мұқтаж.
1,5 миллионға жуық адам эвакуацияланған Кубада болса үздіксіз жауған жауын топырақ көшкініне жол ашты.
Ұқсас жаңалықтар
Пәкістанда 27 лаңкес залалсыздандырылды
Операция барысында көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш зат тәркіленді.
PKK/YPG Сирияда қарулы дайындық өткізуде
Ұйым жақтастарын Хасака провинциясының орталығы мен Камишли ауданына жинауда.