АҚШ пен Ресей келісі алмады

АҚШ мен Ресей Сирия тақырыбында бір ымыраға бара алмауда.

585258
АҚШ пен Ресей келісі алмады

Америка Құрама Штаттары мен Ресей Сирия тақырыбында бір ымыраға бара алмауда.

Екі ел бір-бірін айыптауда. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресейдің тұғырын қатал сынға тартты.

Керри «Ресей Халебте ауруханаға шабуыл жасағаны үшін әлемге бір мәлімдеме жасауы керек. Ресей бір соғыс қылмысы жағдайына душар болуы мүмкін» деген сөздер қолданды.

Ресей болса, Халебте атыстың тоқтатылуы үшін Францияның дайындаған шешім жобасын қабылдамайтынын білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Сирия мәселесін талқылау үшін жедел жиналды.

Баспасөзге жабық өткізілген жиналыста қандай шешім жасалғаны әлі мәлімденген жоқ.

 



Ұқсас жаңалықтар