АҚШ-та "Мэтью" дауылы сигналы берілді

АҚШ-тың оңтүстік жағалауларына жақындаған "Мэтью" дауылы себепті сигнал берілді.

583999
АҚШ-та "Мэтью" дауылы сигналы берілді

Дауыл себепті Флорида, Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарының жағалау аймақтарында «төтенше жағдай» жарияланды.

Көптеген аймақ халқы да эвакуацияланды.

Метеорология мамандары дауылдың сағатына 115 шақырым күшке ұласатынын жариялады.

Флорида штатында әртүрлі іс-шараларға қатысуды жоспарлаған президент Обама бағдарламасын кейінге қалдырды.

Обама Вашингтондағы Төтенше жағдайлар мекемесіне барып, лауазымдылардан дауыл жайлы брифинг алды.

Өткен аймақтарда нөсер жауын мен су тасқындарына жол ашқан "Мэтью" дауылы Куба, Доминик Республикасы және Гаитиде 11 адамның қаза табуына себеп болды.

Апат себепті Гаитиде жексенбі күні өтетін президенттік сайлау кейінге қалдырылды.



Ұқсас жаңалықтар