"Уикиликс әлемді дүр сілкіндіретін жаңа құжаттар жариялайды"

Уикиликстің құрушысы Ассанж 3 үлкен мемлекет пен 3 мекеме жайлы сенсациялық құжаттар жарияланатынын мәлімдеді.

583330
"Уикиликс әлемді дүр сілкіндіретін жаңа құжаттар жариялайды"

Уикиликс (Wikileaks) интернет парақшасының құрушысы Жулиан Ассанж 3 ірі мемлекет пен 3 мекеме жайлы әлемді дүр сілкіндіретін жаңа құжаттар жариялайтынын мәлімдеді.

Ассанж Уикиликстің 10-шы құрылу жылдығына орай Германияның Берлин қаласында ұйымдастырылған баспасөз жиналысына Ұлыбританияның Лондон қаласынан видео конференция арқылы қосылды.

Ассанж бұл аптадан бастап жылдың аяғына дейін жариялайтындары жаңа құжаттардың Google, АҚШ-тағы саулау науқаны, соғыстар, қару-жарақ саудасы және мұнай өнеркәсібі сияқты тақырыптарды құрағанын атап көрсетті.

Уикиликстің АҚШ-қа қоса әртүрлі мемлекеттердің қысымдарымен бетпе-бет екенін, бірақ бұларға бас имейтінін атап айтқан Жулиан Ассанж «Келесі 10 апта бойынша апта сайын жаңа бір топ құжатты қоғамға жариялайтын боламыз» деді.

Тұтқындау шешіміне қарсы өтініш берген Жулиан Ассанж саяси паналау талап еткен Лондондағы Эквадор өкілетті елшілігінен шыққан жағдайда, адал іс ережелерін бұзған себепті ағылшын органдары тарапынан тұтқындалып, Швецияға кері қайтарылады.



Ұқсас жаңалықтар