Франция террор ұйымының жер серігіндегі эфирлерін тоқтатты

Француз Eutelsat фирмасы 'Med Nuçe' телеканалының жер серігіндегі эфирлерін тоқтатты.

581899
Франция террор ұйымының жер серігіндегі эфирлерін тоқтатты

Террор ұйымы ПКК/ПЙД-ге тиесілі 'Med Nuçe' телеканалының жер серігіндегі эфирлері тоқтатылды.

Француз жер серігі фирмасы Eutelsat орталығы Бельгия болған «Med Nuçe» телеканалының эфирлерін тоқтатуға шешім қабылдады.

Шешім аясында телеканалдың эфирлері бүгінен бастап Eutelsat тарапынан тоқтатылды.

'Med Nuçe' террор ұйымдары PKK/PYD-нің жаңалықтар арнасы ретінде қызмет атқаратын.

Түркияға қарсы эфир таратқан және террор ұйымының үгіт насихатын жүргізген телеканалдың Еуропада жұмыс істеуі Түркияның наразылығын туғызған болатын.



Ұқсас жаңалықтар