АҚШ пен Ресей арасындағы Сирия келіссөздері тоқтады

Сирия келіссөздерінде тараптар бір-бірін уәделерді орындамаумен айыптауда.

582429
АҚШ пен Ресей арасындағы Сирия келіссөздері тоқтады

АҚШ Ресей мен Сирияда атысты тоқтату келіссөздерінің тоқтатылғанын жариялады.

Мәлімдеме жасаған Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби бұл шешімді оңай қабылдамағандарын және Ресей мен Асад режимінің барлық ескертулерге қарамастан жазықсыз адамдарды жоюды жалғастырғанын, уәделерін орындамағандарын білдірді.

Керби Сирияда радикал топтарға қарсы операция бастағандарын да атап көрсетті. Джон Кербиге орыс әріптесі Мария Захарова жауап қайтарды.

Захарова Сирияда атысты тоқтату үшін 9 бапта АҚШ әкімшілігімен келісімге келіп қадам басқандарын, уәдесін орындамаған тараптың АҚШ екенін, алайда өздерінің айыпталғанын атап айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұның алдында АҚШ-пен жасалған Сирия келісімдерінің «Вашингтон әкімшілігінің ұстанымындағы тұрақсыздық» себепті тоқтатылғанын айтқан болатын.

Атысты тоқтату шешімсіз қалған Сирияда қандай жаңалықтар болатыны қазірше белгісіз.

Ресей мен қолдау берген Асад әкімшілігінің Халеб пен Хамада ауруханаларды нысанаға алуының артынан АҚШ пен Ресей арасында қызу артқан болатын.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун болса Сирия мәселесінің халық арасында, мықты елдер арасында және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ретінде үшке бөлінгеніне назар аударып, «Бұл жағдай қарқынды бір дауылға жол ашады» деді.

Басқа жағынан АҚШ-қа тиесілі пилотсыз бір ұшақтың Идлибке жасаған шабуылында Әл-Нусра  майданы басшыларының бірі Абу Фаражды өлтіргені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар