Ресейде тұтқын әскерлер ескерткіші ашылды

100 жыл өтсе де соғыс қасіреті ұмытылмады.

579318
Ресейде тұтқын әскерлер ескерткіші ашылды

Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Ресейдің қолына тұтқын болып түскен шетелдік әскерлер үшін ескерткіш ашылды.

Осы тұтқын әскерлер арасында Сарыкамыш шайқасына да қатысқандар түрік әскерлері де бар.

 Түркияға шамамен 9700 км қашықтықтағы Владивосток қаласы маңындағы Шкотово ауданындағы ескерткіш Ресей Федерациясы Халықаралық әскери ескерткіштер одағы мен Түркияның бірлесіп жұмыстануымен реставрациядан өтті.

Граниттен жасалған ескерткіштің үстінде орыс, түрік және венгр тілдерінде «Осында Бірінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан түрік, австриялық, венгр және неміс соғыс тұтқындары жатыр» деп жазылған.

Ескерткіштің ашылуына Түркияның Мәскеудегі өкілетті елшісі Үмит Ярдым да қатысты.

Елші Ярдым: «Көптеген жылдар бөлек болдық,  алайда арадағы азаматтарымызды еш ұмытпадық. Біз оларды көрмесек те, түсінбесек те, әзіз әскерлеріміз біз үшін тірі. Ресейдің қиыр шығысындағы бұл жер біздің жүрегімізге жақын жер болды. Орыстар екі ел арасында достық көпірін құрды. Сіздер бізді аталарымызбен табыстырдыңыздар. Екі ел достығына тамаша үлгі болдыңыздар» деді.

Ресейдің ресми деректеріне қарағанда Бірінші дүниежүзілік соғысы барысында 65 мың түрік әскері тұтқынға түсті. Түрік әскерлерінің бір бөлімі қарапайым ауыл адамдары екені анықталғаннан кейін соғыстан кейін Түркияға қайтарылды.  Алайда кейбір деректерге қарағанда 582, кейбір дереккөздерге қарағанда 15 мың адам өмірінің соңына дейін Ресейде тұрды.

Ресей тарапынан кері қайтарылмаған тұтқын түрік әскерлерінің 20 пайызы Кавказға, 12 пайызы Сібірдің Иркутск аймағына, 7 пайызы Мәскеу аймағына, 2 пайызы Сібірдегі Амур өзені аймағына және қалғаны да Владивосток аймағына жолданды.

Ресейде қаза тапқан түрік тұтқындары кейіннен діни әдет-ғұрыптарына сай жерленді.

 



Ұқсас жаңалықтар