Ресей соғыс ұшақтары Иранның әуе базасын қолдана бастады

Ресей Сирия операциясына қатысқан ұшақтардың Хамедан әуе базасынан көтерілгенін мәлімдеді.

553013
Ресей соғыс ұшақтары Иранның әуе базасын қолдана бастады

Ресей Қорғаныс министрлігі Иранның Хамедан әуе базасынан көтерілген орыс соғыс ұшақтарының Сириядағы нысаналарды жойғанын жариялады.

Мәлімдемеде ұшақтардың тапсырмаларын орындап, Ирандағы әуе базасына оралғаны атап көрсетілді.

Осылайша Ресей Сириядағы операцияларында тұңғыш рет Ирандағы бір әскери базаны пайдаланды. Орыс ұшақтары Сириядағы Химеймин базасы немесе Ресей жеріндегі әуе жайлардан көтеріліп шабуылдайтын.

Мұның алдында баспасөзде орын алған хабарларда Ресейдің Ирандағы Хамедан әуе базасына соғыс ұшақтарын қоныстандырғаны атап көрсетілген болатын.

Ресей Ирандағы әуе базасын пайдалану арқылы Сириядағы нысаналарға ұшу мерзімін 60 пайызға қысқартуды нысанаға алады.



Ұқсас жаңалықтар