Коалиция күштері Хажжа қаласына әуе операциясы жасады

Йеменде коалиция күштерінің шабуылында 12 қарулы хоусит өлтірілді.

549845
Коалиция күштері Хажжа қаласына әуе операциясы жасады
yemen hava saldırısı.jpg

Йеменде коалиция күштерінің елдің батысындағы Хажжа уәлаятына жасаған әуе шабуылында хоусит пен төңкерілген басшы Али Абдуллах Салихке қарасты 12 қарулы хоусит қаза тапты.

Йемен армиясының 5-ші әскери аймақтық ақпарат орталығы жасаған мәлімдемеде коалиция күштерінің Хажжаға қарасты Харад қаласында хоусит пен Салих күштеріне тиесілі бекіністеріне 4 әуе шабуылы жасағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде әуе операциясында қарулы топқа тиесілі бір-бірден қару-жарақ қоймасы, танк және зеңбірекке қоса, штаб пәтерінің нысанаға алынғаны жарияланды.

Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы ең маңызды коридорлардың бірі ретінде Харад қаласы шамамен 1 жылдан бері хоуситтердің бақылауында.

Қалада бірнеше аптадан бері армия жасақтары мен хоуситтер арасында қақтығыстар жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар