Франция медиасында Түркияға байланысты сауалнама

Француз баспасөзі Түркия жөнінде жағымсыз хабарларын жалғастыруда.

550144
Франция медиасында Түркияға байланысты сауалнама

Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінде түрік ұлтының батылдығын көре алмаған француз баспасөзі Түркия жөнінде жағымсыз хабарларын жалғастыруда.

Соңғы санының мұқабасына президент Режеп Тайып Ердоғанның суретін қойған «Le Point» журналы «Түркия: батысты қорқытқан елі» атты бір мақала жариялады.

Мақалада Түркияға орынсыз сындар тізіп айтылған.

Журнал төңкеріс жасау әрекетінен кейінгі оқиғаларды бір жақты пайымдаған.  Төңкерісшілерге бағытталған қамаулар мен құрықтау үкімдерін де сынауда.

Мұнымен де шектелмеген журнал интернет парақшасында бір сауалнама жариялаған.  Интернет қолданушыларға «Ердоғанның Түркиясы сізді қорқыта ма?» деген сұрақ қойылған.

Бірақ олар мақсаттарына жете алмай отыр.

Сауалнамаға қатысқан 100 мыңнан астам оқырманның 60 пайызы «Жоқ» деп жауап берген.

Қазірге дейін жасалған сауалнамалардың ішінде оқырман көп қатысқан сауалнамаға жауап беру үшін

http://www.lepoint.fr/sondages-oui-non/la-turquie-d-erdogan-vous-fait-elle-peur-10-08-2016-2060195_1923.php

адресіндегі «Non» түймесіне басуға болады.



Ұқсас жаңалықтар