Ағылшын депутат Түркияны жамандау үшін пара алған

"The Times" газеті Эдуард Гарнийердің Фетуллахшы террор ұйымынан пара алғанын жазды.

542582
Ағылшын депутат Түркияны жамандау үшін пара алған

Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымы (FETÖ/PDY) Түркиядағы мүшелерінен жинаған ақшамен ағылшын депутат Эдуард Гарнийерге Түркияны жамандаған рапорт жазғызды.

Бұл жайлы хабар Ұлыбританияның «The Times» газетінде жарық көрді.

Газет депутат Гарнийердің Түркияны сынға алған «Түркиядағы Адам құқықтары және құқықтың үстемдігі» тақырыпты рапортты жазу үшін Фетуллахшы террор ұйымынан 115 мың 994 стерлинг (шамамен 455 мың түрік лирасы) пара алғанын ортаға шығарды.

Газетке қарағанда рапортты жазғызған Журналисттер мен жазушылар қоры. FETÖ басшысы Фетуллах Гүлен болса аталмыш қордың құрметті төрағалық міндетін атқарады.

Түркияның FETÖ/PDY мен байланысы бар мекемелерімен күресіне назар аударған рапорт қыркүйек айында жарияланған соң сол кездегі Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және Сыртқы істер министрі Филип Хаммондға да жіберілген болатын.

Хабарда Эдвард Гарнийердің наурыз айында Ұлыбритания парламентінде Түркия-Еуроодақ арасында босқындар жөніндегі келісімі жайлы баяндама жасағаны, «Түрік үкіметін адам құқықтарын бұзғаны» жөнінде жалған қауесеттер алға тартқаны атап көрсетілген. Газет сондай-ақ Гарнийердің Еуроодаққа толық мүшелік тақырыбында Түркияға қолдау берген Ұлыбританияның бұл ұстанымын қайтадан талқылауға шақырғанын еске салған.

«The Times» газеті аталмыш рапортқа Гарнийерге қоса, Лордтар палатасы мүшесі Гари Вульфтың да қолдау бергенін жазады.



Ұқсас жаңалықтар