Түрікмен ауылы Асад күштерінің қолына өтті

Асад күштерінің екі күн бұрын бастаған шабуылдары жалғасуда.

512022
Түрікмен ауылы Асад күштерінің қолына өтті

Сирияның Латакия аймағындағы Байырбуджак түрікмен өңіріндегі Караманлы ауылы мен төбесі Асад күштерінің қолына өтті.

Асад күштерінің екі күн бұрын бастаған шабуылдары жалғасуда.

Кеше күні бойы көптеген жерді миномет және зымырандармен атқылаған Асад күштері кешке Караманлы ауылына кіруге тырысты.

Қатты шайқастан кейін ауыл Асад әкімшілігінің бақылауына өтті.

Караманлы төбесі түрікмендердің қолындағы басқа жерлерді биіктен көріп тұратын стратегиялық жер болатын.

Әкімшілік жасақтары кеше Иса Пынар ауылын да бақылауына алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар