Ирактағы босқындарға көмек қажет

Донор елдердің қаржылай көмегі жеткіліксіз болып қалды.

508289
Ирактағы босқындарға көмек қажет

БҰҰ Ирак көмек миссиясы UNAMI көмек беретін елдер тарапынан берілген көмектің азаюына байланысты Ирактағы босқындардың мұқтаждықтарының қамдалмағанын білдірді.

Ирак Миграция министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде сөздеріне орын берілген БҰҰ Ирак Гуманитарлық істер координаторы Лис Гранд «Ирактағы БҰҰ лауазым иелері донор елдерден жеткілікті деңгейде қаржы қамдалмағандықтан босқындарға көмек үшін қажетті фонды таба алмауда» деді.

Гранд босқын отбасыларға көмек беру мақсатымен БҰҰ-ның қаржыландырылуы және Ирак Миграция министрлігіне көмек берілуі үшін шақыру тастады.

БҰҰ деректеріне қарағанда соңғы екі жылда жартысы бала 3,4 миллионнан астам Ирак азаматы үйлерінен кетуге мәжбүр болды.  Иракта тұратын 10 миллион адамға гуманитарлық көмек қажет.



Ұқсас жаңалықтар