Ереуілге ұшқыштар да қосылды

Францияда Еңбек заң жобасына қарсы наразылық акциясына Air France ұшқыштары да қосылды.

503247
Ереуілге ұшқыштар да қосылды

Францияда Еңбек заң жобасына қарсы наразылық акциясына Air France ұшқыштары да қосылды.

Ұшқыштардың ең ірі кәсіподақтары SNPL, Spaf және Alter 11-14 маусым күндері арасында ереуіл болатынын хабарлады.

Ереуіл 10 маусым күні басталатын Еуропа Футбол чемпионаты үшін елге баратын туристерге әсер етеді.

Теміржолы қызметкерлері де 31 мамырдағы ереуіл шешімдерін созып отыр.

SUD-rail кәсіподағының мәлімдемесіне қарағанда,  бір жиналыста бас қосқан түрлі кәсіподақтардың өкілдері ереуілдің созылуына шешім берді.

Ереуіл халықаралық,  қала аралық, аймақтық және қала ішіндегі пойыз рейстеріне әсер етеді,  кейбір рейстердің жартысы игерілмейді.

Франция теміржолы қызметкерлері 31 мамыр күні ереуілге шығып,  ереуіл қала ішіндегі және қала аралық пойыздармен қоса,  Италия, Испания және Германияға баратын пойыздарға да жағымсыз әсер еткен болатын.

Елдегі ең ірі жұмысшы кәсіподақтар конфедерациясы CGT да алдынғы күні 19 атомдық станса және энергия секторында ереуіл болатынын жариялаған еді.  Атомдық стансалардағы ереуіл салдарынан елдің батысындағы 125 мың үй кеше электр қуатынсыз қалды.

Франциядағы ірі ереуіл толқынына жол ашқан жаңа еңбек заң жобасы наурыз айынан бері елде ең көп талас болған тақырып болуда.

Мәжіліске ұсынылғаннан бері кәсіподақтар мен үкімет арасында келіспеушілік бар. Соңғы екі аптада тұрмыс тоқтап қалған секілді.

Заң жобасы бекітілген жағдайда,  күнделікті 10 сағаттық жұмыс мерзімі 12 сағат болады. жұмыс келісім-шарттарына өзгешелік енгізгісі келетін қызметкерлерді жұмыстан шығаруға болады, жарты күн жұмыс істейтіндердің аптасына 24 сағат болған жұмыс мерзімі төмендетіледі, артық жұмыс жасағанға аз ақша төленеді.

Кәсіподақтар мен жұмысшы топтары үкіметтің осы заң жобасын кері алуын талап етіп отыр.

Жоба 8 маусым күні Сенатқа беріледі.



Ұқсас жаңалықтар