Францияда наразылықтар

Францияда наразылықтар бітпей отыр.

499402
Францияда наразылықтар

Францияда наразылықтар бітпей отыр.

Қызметкерлердің кейбір құқықтарын қолынан алған заң жобасы себебімен француздар ашулы.

Шамамен үш айдан бері жалғасып келе жатқан наразылықтар аясында кеше сегізінші рет үлкен митинг өтті.

Полиция ақпарына қарағанда митингке 153 мың,  кәсіподақтардың деректеріне қарағанда 300 мың адам қатысты.

Әсіресе үш қалада полиция мен шерушілер арасында оқиға шықты.

Полиция қызметкерлері көз жасаурататын газ және пластикалық оқтар қолданды.

Ішкі істер министрлігі шеруде 77 адамның тұтқындалғанын, 15 полиция қызметкерінің жарақат алғанын хабарлады.

Елде ереуілдер де жалғасуда. Ереуіл мұнай өндеу зауыттары,  атомдық стансалар,  порттар және транспорт саласына да тарады.

Кәсіподақтар мұнай өңдеу зауыттарында баррикада құрғандықтан,  елдегі бензин стансаларына жағармай жеткізу қиындай түсті.  Бензин стансаларының алдында ұзын кезектер қалыптасты.



Ұқсас жаңалықтар