Хизбулла Сириядағы соғысты тастамайды
Мәлімдеме ұйымның лидері Хасан Насраллахтан келді.
Хизбулла Сириядағы болмысын нығайтатынын және қақтығыстар үшін аймаққа басшы жіберетінін мәлімдеді.
Мәлімдеме ұйымның лидері Хасан Насраллахтан келді.
Насраллах Ливанның бас қаласы Бейруттың Дахие аймағында өткен апта Сирияның бас қаласы Дамаскіге жақын жерде өлтірілген, қозғалыстың екінші басшысы ретінде танымал Мұстафа Бедреттинді еске алу рәсімінде қатысушылармен тікелей байланыста сөз сөйледі.
Сирияда арасында басқарушылар да бар көп шығын бергендерін, алайда күресті жалғастыратындарын білдірген Насраллах: «Бұл шығындар бізді соғыстан аулақтатпайды. Бұл шығын бізді одан сайын нығайта түседі» деді.
Ливан текті лидер Сирияда қалатындарын және осында көптеген басшы жолдайтындарын айтып, «Бұл соғысты аяқтаймыз» деді.
Ливанның шиіт армиясы Хизбулла Ресей және Иранмен бірге Сирия армиясына үлкен қолдау беріп отыр.
Сирияда 5 жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыста ұйымның шамамен 1200 сарбазы қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
Трамп «Бұл соғысты аяқтау керек» деді
Трамп Зеленскийдің соғысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын екенін айтты.