Жасы ең үлкен тұрғын дүниеден озды

Сюзанна Мушатт Джонс 116 жасында дүниеден озды.

490191
Жасы ең үлкен тұрғын дүниеден озды

Әлемдегі ең жасы үлкен кісі американдық Сюзанна Мушатт Джонс 116 жасында дүниеден озды.

Геронтология зерттеу тобы мамандарының бірі Роберт Юнг Джонстың Нью-Йорктағы қарттар үйінде қайтыс болғанын мәлімдеді.

Жақындары Джонстың адамға деген сүйіспеншілігі және жомарттығы арқасында көп жасағанын білдірді.

Сюзанна Мушатт Джонс 117 жасар жапон Мисао Окава өткен жылы қайтыс болғаннан кейін әлемнің ең қария тұрғыны ретінде Гиннесс Рекордтар кітабына енген болатын.

Роберт Юнг Джонс қайтыс болғаннан кейін 116 жасар италиян Эмма Мораноның осы атаққа ие болатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар