Пентагон мәлімдемешісі ДАИШ-тің Түркияға шабуылдарын бағалады

"ДАИШ террор ұйымының Түркияға төндірген қаупі уайымдарды арттырды".

487598
Пентагон мәлімдемешісі ДАИШ-тің Түркияға шабуылдарын бағалады

АҚШ Түркияның Сирия шекарасында қауіпсіздікті арттыратын әртүрлі шараны «маңызды» деп қабылдағандарын мәлімдеді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі «Пентагон» мәлімдемешісі Питер Кук Килиске бағытталған ДАИШ террор ұйымының зымыранды шабуылдары мен президент Режеп Тайып Ердоғанның «Түркияның жалғыз қалдырылғаны» жөніндегі сөздері жайлы сұрақтарға жауап қайтарды.

Кук бір журналисттің «ДАИШ-пен күресте Түркияға қазірге дейінгі жасалғандардан басқа ұсынған бір шараңыз болды ма?» деген сұрағына «Түркияның өзін қауіпсіз сезінуі үшін бар шараны қолданғымыз келеді. Бұл тақырыпта түрік үкіметімен жұмыстарымыз жалғасады» деді.

Питер Кук Түркия-Сирия шекарасындағы 98 шақырымдық алаңды ДАИШ-тен тазарту тақырыбында да, ДАИШ террор ұйымының Түркияға төндірген қаупінің уайымдарды арттырғанын білдірді.

Бұл алаңды тазалаудың ДАИШ-пен күрес аясында аса маңызды екеніне назар аударған Кук «Аталмыш аймақта шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық шаралар біз үшін маңызды. Мұның қалай жасалатыны жайлы түрік үкіметімен оңаша кездесулер және келіссөздер жайлы одан терең мағлұмат бере алмаймын. Бірақ біз бұл ұстанымды жалғастырамыз және Түркияның Сирия шекарасында қоныстанған ДАИШ нысандарын жою мүддесін қолдаймыз» деді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Елизавета Трюдо болса ДАИШ-тің шабуылдарына душар болған Түркияға толық қолдау бергендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар